Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық теннисші Монпелье ATP 250 турнирінің бірінші раундынан аса алмады.
Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасына грузиялық Николоз Басилашвили қарсылас болды. Дәл қазір Кукушкин АТР рейтингте 112-орында болса, Басилашвили 68 позиция төмен тұр. Ал 2019 жылы Басилашвили әлемдегі үздік теннисшілер арасында 16-сатыда орналасты.
Дей тұрғанымен үш сетке созылған кездесу грузиялық спортшының жеңісімен (6:3, 3:6, 5:0) аяқталды. Кукушкин ақырғы сеттің алтыншы геймын ойнаудан бас тартты.
Еске сала кетсек, былтыр дәл осы турнирде Александр Бублик топ жарды. Ол чемпиондық титулды бүгін германиялық Доминик Кёпферге қарсы кездесуде қорғайды.