Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлімханұлы мен Канело жекпе-жегі келер жылы өтуі мүмкін – DAZN

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 17:10

Айқастың биыл өтуіне мексикалық боксшының жоспары кедергі екен. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық бокс аңызы Сауль Альварес арасындағы көптен күткен жекпе-жек 2026 жылға жоспарлануы мүмкін. Бұл туралы DAZN стримингтік платформасының ресми сайты хабарлады, деп жазады Tengri Sport.

"Екі корольдің айқасы"

DAZN мәліметінше, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен Канело Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек келесі жылдан ерте өтпейді. Себебі, мексикалық боксшының 2024 және 2025 жылдарға арналған жоспарлары нақты құрылып қойған.

"3 мамырда Сауль Альварес Сауд Арабиясында Вильям Скуллмен айқасып, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атануға тырысады. Бұл жеңіс оны қыркүйекте Теренс Кроуфордпен болатын жекпе-жекке жақындатады. Егер Канело 2025 жылы екі жеңіске жетсе, онда 2026 жылы Әлімханұлымен айқасуға дайын болуы мүмкін", – деп жазады DAZN.

Жәнібектің шақыруы мен Канелоның үнсіздігі

Жәнібек Әлімханұлы бірнеше жылдан бері мексикалық жұлдызды рингке шақырып келеді. Алайда Сауль Альварес оның ұсыныстарына жауап қатпай жүр.

Соңғы рет Жәнібек 5 сәуір күні Астанадағы "Барыс Аренада" өткен турнирден кейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Канелоны ашық айқасқа шақырды. Ол жекпе-жекті "Екі корольдің шайқасы" деп атады.

Жекпе-жектің өтуіне не кедергі?

Екі боксшы арасындағы кездесуге басты кедергілердің бірі – салмақ дәрежесі мен гонорар мәселесі болуы мүмкін. Сауль Альварес екінші орта салмақта (168 фунт) өнер көрсетеді, ал Жәнібек орта салмақта (160 фунт) чемпион атанып отыр. Бұдан бөлек, Канелоның қаржылық талаптары өте жоғары.

Еске сала кетейік

5 сәуірде Астанада өткен "Battle of the Brave" бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерін сәтті қорғаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір