Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы өмірден өтті: GGG көңіл айтты

Редактор Penalty.kz
02.05.2025, 20:05

Қазақ боксының ардақты бапкері Виктор Дмитриев дүние салды.

vesti.kz
vesti.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің алғашқы бапкері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Виктор Дмитриевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына және барша спорт қауымына қайғыра көңіл айтты.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұжымы және жеке өз атымнан орны толмас қайғыға байланысты ең шынайы көңіл айтамын”, — делінген ресми мәлімдемеде.

 

ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы

Головкин үшін Виктор Дмитриев жай ғана бапкер емес, нағыз тәрбиеші, бағыт беруші тұлға болған. Өз мәлімдемесінде ол ұстазының спортқа сіңірген еңбегін ерекше атап өтті:

“Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы емес еді – ол ұстаз, тәлімгер, өмірлік үлгі болатын адам болды. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі мен әр спортшыға жеке көзқараспен қарау шеберлігі – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады”.

Айта кетейік, Виктор Дмитриев – Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері. Боксшы өзінің спорттық жолын Қарағандыдағы ГПТУ №1 оқу орнының Майқұдықтағы спорт залында дәл осы маманның жетекшілігімен бастаған болатын.

ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы

Дмитриевтің жетекшілігімен жаттығып, GGG кейіннен әлемдік аренада Қазақстан боксының символына айналды.

Головкин өз сөзінде бұл ауыр қайғыны бүкіл спорт қоғамы бөлісіп отырғанын айтып, Виктор Дмитриевтің есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

“Ол тәрбиелеген спортшылар – оның өмірінің жалғасы. Біз оның жарқын бейнесін мәңгі есте сақтаймыз. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын”, — деді Головкин.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір