Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Назым Қызайбайдың жаңа көлігі ұлттық құрамада қызу пікірталас тудырды (ФОТО, ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 03:03

Қазақстандық бокстың мақтанышы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңа көлігі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Оның темір тұлпарын ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өз парақшасында көрсетті.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Қызыл кілем емес, бронепленка – жаңа стиль

Жаңартылған автокөлік арнайы бронепленкамен қапталған. Балқыбекованың айтуынша, темір тұлпардың түсі ерекше: хаки мен күлгіннің үйлесімі. Ең қызығы – көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі де ерекше: 001NAZ, бұл Қызайбайдың спорттағы мәртебесін бейнелейтіндей.

Балқыбекова видеоға былай деп пікір қалдырған:

"Вааай. Қараңыздаршы мына көлікке. Назым бронепленка жасатыпты. Керемет! Менің сүйікті түсім – хаки мен күлгіннің қосындысы. Құтты болсын!" 

Алуа Балқыбекова. ФОТО: instagram/@balkibekovaas

Айта кетейік, Назым Қызайбай биыл Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында (48 келі салмақта) өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Сол турнирде Алуа Балқыбекова да 50 келі салмақта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Екі чемпион қыздың спорттан тыс өмірдегі стилі мен өзара қолдауы да жанкүйерлер үшін қызық тақырыпқа айналып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 14
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір