Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Бірден титул үшін айқасқым келеді!" Шавкат UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

Редактор Penalty.kz
16.06.2025, 13:12

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жарақатынан кейін октагонға желтоқсанда оралуға ниетті.

Offside.kz
Offside.kz

Жекпе-жек биыл өтеді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі октагонға қайта оралу мерзімі жайлы айтты. «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында спортшы 2025 жылдың соңына дейін, нақтырақ айтқанда желтоқсан айында жекпе-жек өткізуді көздеп отырғанын мәлімдеді:

"Өзім де тезірек оралғым келеді. Алдымен жарақатты толық емдеп, 100% дайын болуым керек. Әрине, бірден титул үшін айқасқым келеді. Бірақ бәрі жағдайға байланысты. Ең бастысы – кіммен шықсам да, толық дайын болуым", — деді Рахмонов.

Шавкаттың қазіргі жағдайы

Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов – UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі №3 файтері. Ол осы уақытқа дейін жеңілістің дәмін татпай келе жатыр және MMA жанкүйерлері мен сарапшылар арасында титулға негізгі үміткерлердің бірі саналады.

Жарақат пен үміт

Спортшы бұған дейінгі айқасынан кейін жарақат алып, біраз уақытқа октагоннан тыс қалған болатын. Енді ол қайтадан жаттығуға кірісіп, қайта қарқын алуға дайындалып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір