Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Өзбекстан Астанадағы Әлем кубогында екінші боксшысынан айырылды

Редактор Penalty.kz
01.07.2025, 20:17

Өзбекстандық Хуморабону Мамаджонова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

rus.azattyq-ruhy.kz
rus.azattyq-ruhy.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing Әлем кубогында өзбекстандық спортшы Хуморабону Мамаджонова жарысты ерте аяқтады. Бұл — көрші ел үшін турнирдегі екінші сәтсіздік.

1/8 финал

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хуморабону Мамаджонова алғашқы кездесуін 1/8 финал кезеңінде өткізді. Ол қарсыласы — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тайваньдық У Ши Имен қолғап түйістірді.

Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен У Ши Идің пайдасына аяқталды. Осылайша, тайваньдық боксшы ширек финалға жолдама алды, ал Мамаджонова турнирді ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Осылайша Өзбекстан құрамасы Астанадағы Әлем кубогындағы екінші спортшысынан айырылды. 

Қазақстандық боксшы ширек финалдан бастайды

Айта кетейік, дәл осы 57 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан әйелдер құрамасының атынан Айдана Забынбекова бақ сынайды. Ол турнирді бірден ширек финалдан бастайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір