
UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Ресей Федералдық салық қызметі (ФНС) жаңа қаржылық қарыз бойынша талап қойды. Жақында ғана 320 миллион рубль төлем жасап, шоттарын бұғаттан босатқан танымал спортшы енді 1,8 миллион рубль қарыз болып шықты.
Атақты ММА файтері, UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа Ресей Федералдық салық қызметі (ФНС) тарапынан жаңа қаржылық талап қойылды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Telegram-дағы Shot арнасының мәліметінше, Нурмагомедовтың ФНС алдында 1,8 миллион рубль көлемінде қарызы бар. Аталған қарыздың нақты неден туындағаны әзірге жария етілмеген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында Ресей салық органдары Хабибтің банктік шоттарына қойылған бұғатты алып тастаған. Бұған себеп – салық декларациясын заңда белгіленген мерзімде тапсырмауы болған.
Сондай-ақ, 2024 жылдың тамызында Нурмагомедов ФНС алдындағы 320 миллион рубльге жеткен қарызын толықтай өтегені хабарланған еді.