Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әбиба Әбужақынова 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 10:33

2025 жылғы Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова келер жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді.

instagram/@abiba48
instagram/@abiba48

Қазақстандық дзюдошы әлем біріншілігіне неге бармайды? 

Әбиба "Бірінші Бол" YouTube арнасына берген сұхбатында былай деді: 

"Келер жылы әлем чемпионаты бар сияқты. Бірақ біз үшін ең маңыздысы – Азия ойындары. Сондықтан бізді сол жарысқа дайындайтын сияқты", – деді Әбиба.

Әбибаның басты мақсаты – Азия ойындары

Спортшының айтуынша, Азия ойындары 2026 жылы өтетін маңызды турнир ретінде белгіленіп отыр. Сондықтан ол әлем чемпионатын өткізіп жіберуі мүмкін.

"Иә, мен әлем чемпионатына қатыспаймын. Бірақ бұл шешімді мен емес, жаттықтырушылар қабылдайды. Егер екі жарыстың арасы ұзақ болса, мүмкін екеуіне де қатысуға болады. Дегенмен негізгі мақсат – Азия ойындары", – деді ол.

Әлем чемпионаты Бакуде өтеді

Дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионаты Әзербайжан астанасы – Бакуде өтеді. Бұл дода 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір