Алуа Балқыбекова жапониялық боксшыны тас-талқан етті (ВИДЕО)
Қазақстандық былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекова Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында кемі қола медаль иеленді.
Жапониялыққа еш мүмкіндік бермеді
Балқыбекова 51 келі салмақ дәрежесінде Жапониядан келген Юна Нисинакамен қолғап түйістіріп, жекпе-жекте 5:0 есебімен төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл оған турнирдің жартылай финалына жолдама алып келді және кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті..
Алуаның жетістіктері
Алуа Балқыбекова – қазіргі әлем чемпионы. Ол өзінің кәсіби мансабында бірнеше мәрте биік белестерді бағындырған:
- 2022 жылы – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 2023 жылы – Әлем біріншілігінің қола иегері;
- 2011 және 2022 жылдары – Азия чемпионы атанған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.