Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Басқа деңгейде жұдырықтасты – Тәшкенбай Астанада нағыз шеберлік сабағын көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Астанадағы  бокстан World Boxing кубогының жартылай финалында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жарқырай көзге түсті. Ол әзербайжандық Субхан Мамедовты толық үстемдікпен тізе бүктірді. 

Басқа деңгейде жұдырықтасты – Тәшкенбай Астанада нағыз шеберлік сабағын көрсетті (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Біржақты шайқас және төрешілердің бірауызды шешімі

Шайқас басынан-ақ Тәшкенбайдың толық бақылауында өтті. Үш раунд бойы қарсыласына бір де бір нақты мүмкіндік қалдырмай, техникалық және тактикалық тұрғыда басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

"Санжар бүгінгі жекпе-жекте – мүлде басқа деңгейде болды!", – деп жазды жанкүйерлер әлеуметтік желілерде.

Финалға дейінгі жол: мүлтіксіз нәтиже

Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастап, алғашқы кездесуінде жапониялық Содаи Котоны сенімді түрде ұтқан. Осылайша ол екі кездесуді қатарынан басымдықпен жеңіп, финалға шықты.Айта кетейік, Санжар – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір