Нокдаун, үстемдік және финал. Бекзат Нұрдәулетов Астанада қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

World Boxing кубогында 85 келі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Бекзаь Нұрдәулетов Түркия құрамасының мүшесі Самет Эрсоймен қолғап түйістірді.

Нокдаун, үстемдік және финал. Бекзат Нұрдәулетов Астанада қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Бекзаттың нокдаунмен бекіген үстемдігі

Жекпе-жек толық Нұрдәулетовтың бақылауында өтті. Әсіресе үшінші раундта Бекзат жойқын соққысымен Эрсойды нокдаунға жіберіп, көрермендерді дүр сілкіндірді. Жекпе-жектің соңында төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Финалға дейінгі қарсыластары

Бұл жеңістің арқасында Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының финалына шықты. Енді ол алтын медаль үшін шешуші жекпе-жек өткізеді. Ал түркиялық Самет Эрсой жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Бекзат — 2019 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Самет Эрсой халықаралық аренада айтарлықтай жетістікке жетпегенімен Түркия чемпионатын алты рет жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір