Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Олимпиада чемпионы допинг үшін "алтыннан" айырыла ма? Өзбекстан федерациясы шұғыл жауап берді

Редактор Penalty.kz
05.08.2025, 22:00

2024 жылғы Олимпиада чемпионы өзбекстандық Лазизбек Муллажоновтың допинг ережесін бұзды деген күдікпен уақытша шеттетілгені туралы ақпарат тарағаннан кейін Өзбекстан бокс федерациясы ресми мәлімдеме жасады.

gazeta.uz
gazeta.uz

Алтын медаль алынбаған – федерация жауабы

Бірқатар шетелдік және әлеуметтік желілердегі хабарламаларда Муллажонов Олимпиададағы алтын медалінен айырылуы мүмкін делінген еді. Алайда федерация бұл ақпаратты жалған деп отыр.

“Бүгінгі күні Лазизбек Муллажонов кәсіби мансабын жалғастырып жатыр. Ол әрқашан допингке қарсы ережелерді қатаң ұстанып келген. Бұған дейін тапсырған барлық тестілері таза болды”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Даулы тест пен медициналық себеп

Федерацияның мәліметінше, 2025 жылғы 11 маусымда Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Лазизбектен допинг сынамасын алған. Алдын ала нәтижелер бойынша тыйым салынған заттардың ізі анықталған.

Бұған себеп ретінде боксшының 2024 жылғы 19 қарашада Ферғана қаласындағы жекеменшік клиникада шаш трансплантациясын жасатуы мүмкін екені айтылды. Төрт кезеңнен тұратын операция мен қалпына келтіру ем-шаралары барысында дәрігер тағайындаған кей препараттар құрамында тыйым салынған заттар болуы ықтимал.

Федерация мен спортшы барлық медициналық құжаттарды ITA ұйымына жолдаған, қазір ресми шешімді күтіп отыр.

“Олимпиада-2024 алтын медалінен айырылу туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жағдай Лазизбектің Олимпиада нәтижесіне әсер етпейді”, – делінген федерацияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Өзбекстан спортында допинг дауы қайталануда

Айта кетейік, бұл Өзбекстан спортында допингке қатысты бірінші дау емес. Осы жылдың шілде айында, таэквондодан екі дүркін Олимпиада чемпионы Ұлықбек Рашитов үш рет орналасқан жерін нақты көрсетпегені үшін екі жылға жарыстан шеттетілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір