Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен (63-2-2, 39 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді.
britannica.com
Әлем чемпионының ашық шақыруы
Жәнібек әлеуметтік желідегі Х парақшасында WBO ұйымының "Келесі жекпе-жекте Жәнібекті кіммен көргіңіз келеді?" деген жазбасына тікелей жауап берді:
"Мен "Канеломен“ жұдырықтасқым келеді!"
Екі чемпион – екі салмақ
Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
Сауль "Канело" Альварес – суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы.
"Канелоның" алдағы жекпе-жегі
Қыркүйек айында Сауль Альварес америкалық жұлдыз Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) супержекпе-жек өткізеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet