
Загребтегі күрес әлемінің басты додасында қазақ еркін күрес шеберлері алтынға қол жеткізе алмай, бар болғаны екі қола жүлдемен шектелді.
Хорватия астанасында өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Үміт артқан еркін күрес балуандары жарқын нәтиже көрсете алмады.
Құрама қоржынында 2 медаль бар. Екеуі де қола. Соның бірін 61 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Асылжан Есенгелді иеленсе, тағы біреуін 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов алды.
Осылайша, он салмақ бойынша сынға түскен спортшыларымыздың тек екеуі ғана жүлде тұғырынан көрінді.
Бұл көрсеткіш – соңғы жылдардағы ең әлсіз нәтижелердің бірі. Ризабек Айтмұқанның өзі алғашқы белдесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалған еді.