
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов еліміздің ең үздік боксшыларының ішінде кәсіпқой рингте өз орнын таба алатын спортшыларды атады. Оның айтуынша, кейбір жігіттер қазірдің өзінде бұл деңгейге дайын.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында ұлттық құраманың болашағы мен боксшылардың кәсіпқой мансапқа көшу мүмкіндігі жайлы айтты.
«Қазір нақты ешкім “профи” рингке толық өтемін деп мәлімдеген жоқ. Бірақ бірнеше боксшы бұл жолды бұрын байқап көрген, алдағы уақытта олар қайта оралуы мүмкін. Мысалы, Дулат Бекбауов кәсіпқой рингке өтетіндердің қатарында болуы ғажап емес», — деді маман.
Еске сала кетейік, Англиядағы әлем чемпионатында (2025) Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, сенсациялық нәтиже көрсетті.
Қазақ боксшылары жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасындағы чемпиондар тізімі:
Бұл — соңғы жылдардағы ең ірі жетістіктердің бірі.
Сәтжановтың айтуынша, Қазақстан құрамасында техникалық және психологиялық тұрғыдан кәсіпқой боксқа дайын боксшылар бар. Дегенмен, асығыстыққа жол бермеу керек дейді ол.
«Кәсіпқой ринг – бұл басқа әлем. Онда тек шеберлік емес, шыдам, тактика, маркетинг пен менеджмент те үлкен рөл ойнайды. Сондықтан асықпай, дұрыс командамен бірге шығу маңызды», — деп атап өтті бапкер.