
Украиналық бокс аңызы Владимир Кличко World Boxing ұйымының президенті қызметіне түспейтінін мәлімдеді. Осылайша, қазақстандық чемпион Геннадий Головкин халықаралық бокс федерациясын басқаруға басты фаворитке айналды.
Бокстың тірі аңызы саналатын Владимир Кличко World Boxing ұйымының президенттігіне үміткерліктен ресми түрде бас тартты. Бұл шешім бокс әлемінде үлкен қызығушылық тудырып, назар енді Геннадий Головкинге ауысты.
Украиналық спортшы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды:
«World Boxing басшылығымен пікір алмасқаннан кейін мен әзірге президенттікке үміткер емеспін. Келешекте жағдай қалай болатынын уақыт көрсетеді», — деп мәлімдеді Кличко.
Бұл мәлімдеме Кличко мен Головкин арасындағы ықтимал “бокс әлеміндегі саяси айқастың” болмауына нүкте қойды.
Кличконың шешімінен кейін World Boxing президенті лауазымына екі негізгі үміткер қалды:
Жаңа президентті таңдау қараша айында Италияда өтетін World Boxing Конгресінде жүзеге асады.
Егер Головкин сайлауда жеңіске жетсе, ол әлемдік бокс тарихындағы тұңғыш қазақстандық болып халықаралық ұйымды басқаратын спортшы атанбақ.
World Boxing — 2023 жылы құрылған тәуелсіз ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) серіктес болып, әлемдік әуесқой боксты реформалауды көздейді.
Ұйымның негізгі миссиясы — әділ төрелік пен ашық басқару жүйесін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда World Boxing құрамына 30-дан астам елдің ұлттық федерациялары кірген, ал ұйымның ықпалы жыл сайын артып келеді.