Ол маған ұнайды, спортшы ретінде ерекше сыйлаймын, деді Базров.
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров UFC 321 турниріндегі Александр Волков пен Жаилтон Алмейда арасындағы жекпе-жек жайлы өз болжамын айтты. Ол бұл айқастың ауыр салмақтағы интригаға әсер ететінін жеткізді.
UFC 321 турниріне санаулы күн қалғанда, Эдуард Базров MMA жанкүйерлерін қызықтырған жекпе-жек туралы пікірін бөлісті. Оның айтуынша, Александр Волков бұл кездесуде жеңіске жетуге жақын.
«Волков пен Алмейда арасындағы айқас оңай болмайды. Бірақ бұл – ауыр салмақ, мұнда барлығын бір соққы шешеді. Александраның соққылары өте ауыр, антропометриясы да жақсы. Алмейдаға ыңғайсыз қарсылас болады. Волков — тәжірибелі файтер, ол әрдайым чемпиондық аймаққа жақын. Әрине, мен Александр үшін жанкүйермін. Ол маған ұнайды, спортшы ретінде ерекше сыйлаймын», — деді Базров.
Маманның айтуынша, егер Алмейда бұл кездесуде жеңіске жетсе, онда ол чемпиондық белбеуге басты үміткерге айналуы мүмкін. Бірақ Базров Волковтың жеңісіне сенімді, себебі оның соққы техникасы мен дене өлшемдері басымдық береді.
Ресейлік ауыр салмақ өкілі Александр Волков соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсанында шыққан еді. Сол кезде ол Сирил Ганға қарсы реваншта дау тудырған төрешілер шешімімен жеңілді. Көптеген жанкүйерлер бұл жекпе-жекте Волковтың жеңісі ұрланды деп есептейді.
Қазіргі уақытта Волков UFC ауыр салмақ рейтингінде 2-орында, яғни чемпиондық белбеуге ең жақын файтерлердің бірі болып отыр.
Бразилиялық файтер Жаилтон Алмейда соңғы кездесуінде өзін қайта дәлелдеді. Кертис Блэйдстен жеңіліс тапқан соң, ол екі қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді — Александр Романов пен Сергей Спивакты тұқыртып, рейтингте 5-орынға көтерілді.