Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ислам Махачев Илия Топуриямен Ақ үйде айқаспақ

Сарапшы, спорт журналисі

UFC турнирі 2026 жылдың 14 маусымында ұйымдастырылады. 

Ислам Махачев Илия Топуриямен Ақ үйде айқаспақ
matchtv.ru

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев келер жылы Ақ үйде өтетін UFC турнирінде чемпион Илия Топуриямен кездесуге дайын. Бұл туралы ол ESPN MMA арнасына берген сұхбатында айтты. 

UFC президенті Дэйна Уайттың бастамасымен 2026 жылы алғаш рет Ақ үй аумағында ұйымдастырылмақ. Соның аясында Ислам Махачев пен Илия Топурия жекпе-жегі өтуі де ғажап емес. 

«Топурия Ақ үйдегі турнирде жекпе-жек өткізгісі келеді, мен де қарсы емеспін. Бұл бүкіл MMA қауымдастығы үшін үлкен оқиға болар еді. Егер UFC келіссе — біз дайынбыз», — деді Махачев ESPN MMA-ға берген сұхбатында.

Испания атынан өнер көрсететін Илия Топурия биыл маусымда өткен UFC 317 турнирінде Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы атанды. Оның статистикасы – 17 жеңіс. Бірде-бір жеңілісі жоқ. 

Ал Ислам Махачев 16 қараша күні UFC 322 турнирінде Нью-Йоркте жартылай орта салмақтың чемпиондық белбеуі үшін Джек Делла Маддаленамен кездеседі. Махачевтің көрсеткіші — 27 жеңіс және 1 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір