Баходир Джалолов жеңілмеген нокаутермен жұдырықтасады
Суперауыр салмақтағы өзбек боксшысы Баходир Джалолов (16-0, 14 КО) келесі кездесуін 14 қараша күні Ташкентте өткізеді.
instagram/@bakhodirdjalolov
Өзбекстан чемпионы туған елінде рингке шығады
BoxRec.com дерегінше, Джалоловтың қарсыласы — жеңілістің дәмін татпаған нигериялық нокаутер Соломон Адебайо (14-0, 13 КО) болмақ. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Бұған дейін Баходир Джалолов 6 қазан күні Санкт-Петербургте (Ресей) шаршы алаңға шыққан еді. Ол Виталий Кудуховты (7-4, 3 КО) төрешілердің бір ауыздан берген шешімімен жеңген.
Қарсылас — Африкадан шыққан нағыз нокаутер
Ал нигериялық Соломон Адебайо соңғы рет 2024 жылдың 28 шілдесінде Лагоста (Нигерия) жұдырықтасып, бірінші раундта намибиялық Лукас Ндафолумуды (23-12, 11 КО) нокаутқа жіберген.
Джалолов пен Адебайо арасындағы айқас өзбек жанкүйерлері үшін жылдың ең қызықты жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet