Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

АҚШ-та Геннадий Головкиннің шеберлігіне күмән келтірілді

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіпқой бокстағы жетістіктері тым жоғары бағаланған деп есептейді кей сарапшылар. 

АҚШ-та Геннадий Головкиннің шеберлігіне күмән келтірілді
sport.orda.kz

АҚШ-тың танымал спорт журналисі Поль Мэгно қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкинді (GGG) «тым қатты бағаланған спортшы» деп атап, оның мұрасын сынға алды. Бұл пікір желіде қызу талқыланып жатыр.

Геннадий Головкиннің аты жақында ғана Бокс даңқ залына (Hall of Fame) енгізілуі мүмкін кандидаттар тізімінде аталған соң, әлемдік медиада GGG мұрасы төңірегінде үлкен пікірталас өрбіді.

Көптеген сарапшы оны "ең мықты иек иесі", "рингтегі үздік агрессорлардың бірі" ретінде мойындаса, кейбір шетелдік журналист оның жетістіктерін тым жоғары бағаланған деп есептейді.

Поль Мэгноның пікірі

АҚШ-тағы беделді Fight Hype және Boxing Tribune сайттарының шолушысы Поль Мэгно — сол сыншылардың бірі. Ол Головкинді бірнеше рет сынға алған.

Жақында Райан Гарсияның Головкин жайлы даулы мәлімдемесін талқылай отырып, Мэгно өз көзқарасын қайта растады:

«Кейбір бокс басылымдары менімен келісетіні қуантады. Оларға Головкиннің шын мәнінде артық бағаланған боксшы екенін түсіну үшін он жыл уақыт қажет болды», — деп жазды журналист өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Дегенмен, Головкиннің есімі бокс тарихында алтын әріппен жазылған. Ол 24 әлем чемпионын нокаутқа жіберіп, 21 мәрте өз титулын қорғаған сирек спортшылардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір