ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық боксшы әлем кубогында жүлдесіз қалды

Делиде бокстан әлем кубогының финалдық кезеңіндегі ширек финал жекпе-жектері жалғасуда. 50 келі салмақ дәрежесінде Нұрзат Оңғарұлы мен үндістандық Джадумани Сингх жартылай финал жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық боксшы әлем кубогында жүлдесіз қалды
vesti.kz

Шаршы алаңдағы тартыс толығымен үнді боксшысының бақылауында өтті. Сингх алғашқы секундтардан-ақ агрессивті стильде шабуылдады. Қашықтықты шебер ұстап, жоғары қарқынмен жекпе-жек жүргізді.

Нұрзат Оңғарұлы қарымта қайтаруға тырысқанымен қарсыласының дәл әрі қуатты соққылары бастаманы өз қолына алуға мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде Джадумани Сингх сенімді жеңіске жетіп, беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Ал Қазақстан бұл салмақта медальсіз қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.