Нью-Делиде World Boxing ұйымы бастамасымен әлем кубогының соңғы кезеңі жалғасып жатыр. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы шаршы алаңға шығып, жүлде үшін күресуде.
Ширек финалда 90 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық Бекзат Таңатар жергілікті боксшы Навин Кумармен кездесті.
Үш раундқа созылған айқаста төрешілер бірауыздан жеңісті Кумарға берді. Ақырғы раундта Таңатар нокдаун алды.
Осы нәтижемен үндістандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамсыз етті. Ал Бекзат Таңатар медаль үшін таласты тоқтатуға мәжбүр болды.