Осы күндері Үндістан астанасында әлем кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр.
Үндістанда өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы күтпеген жерден маңызды спортшысын жарыстан жоғалтты. 55 келіде бақ сынаған Нұрсұлтан Алтынбек қарсыласқа есе жіберіп, турнирден шығып қалды.
Өз салмағында екінші нөмірлі спортшы болып тіркелген Нұрсұлтан Алтынбек ширек финалда үндістандық боксшы Паван Бартвалмен жекпе-жек өткізген болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан үндістандық боксшыға жеңісті берді. Осылайша Паван Бартвал жартылай финалға шығып, кемі қола медальды қамтамасыз етсе, Алтынбек турнирді алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.
Нұрсұлтан Алтынбек — Қазақстан боксының ең жарқын жас таланттарының бірі.
Оның басты жетістіктері:
Айта кетейік, Үндістандағы әлем кубогының финалдық кезеңі 20 қарашаға дейін жалғасады.