Бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтеді
Asian Boxing конфедерациясы келесі маусымның ресми ұйымдастырушыларын жариялады.
Asian Boxing 2026 жылы өтетін бокстың Азия чемпионаттарының ресми өткізу қалаларын таныстырды.
- 28 наурыз – 11 сәуір
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қожайындық етеді.
Бұл турнир құрлықтағы ең беделді бәсекелердің бірі саналады.
- 1 – 16 мамыр
Өзбекстанның астанасы Ташкент U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарын қабылдайды.
Бұл жарыстар жас таланттарды анықтайтын маңызды алаң болмақ.
- 3 – 16 шілде
Индонезияның Джакарта қаласы U19 және U23 жас категорияларындағы бокс чемпионатын өткізеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.