Шавкат Рахмонов алдағы UFC турниріне қатысады
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде отандасы Асу Алмабаевты қолдау үшін оның бұрышында болады.
Қазақстандық жұлдыз Асу Алмабаевты қолдайды
Бұл — UFC тарихында алғаш рет Қатар аумағында өтетін ресми турнир. Қазақ жанкүйерлері үшін бір октагонда екі отандасымыздың болуы үлкен оқиға.
Асу Алмабаев бұл кеште ең жеңіл салмақта АҚШ-тың тәжірибелі спортшысы, бұрынғы титулға негізгі үміткер Алекс Переспен кездеседі.
Перес UFC рейтингінде 7-орында, ал Алмабаев — 8-орында тұр. Айқас дивизиондағы маңызды жекпе-жектердің бірі болмақ.
Алмабаевтың соңғы жекпе-жегіндегі сенімді жеңіс
Асу өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде өткізген. Онда ол перулық Хосе Очоаны қазылардың бірауыздан шешімімен жеңіп, UFC-дегі жеңісті сериясын жалғастырған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.