Халықаралық бокс шауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв мәлімдегендей, 2025 жылы Дубайда өтетін әлем чемпионатына 120-дан астам ел қатысуға тіркелген.
XXIII әлем чемпионаты 2025 жылдың 2–13 желтоқсан аралығында өтеді. Ұйымдастырушы — IBA.
Кремлёв алдағы біріншілік туралы пікір білдіріп, турнирдің бұрын-соңды болмаған форматта өтетінін айтты:
«Бұл тек әлем чемпионаты емес, екі аптаға созылатын нағыз бокс фестивалі болмақ. Оның аясында кәсіби бокс кеші де өтеді. Ресей құрамасына да жан-жақты қолдау көрсетеміз. Спортшылар өз жанкүйерлерін қуантады деп сенемін», — деді ол.
IBA басшысының сөзінше:
«Бұл чемпионатты бүкіл әлем күтіп отыр», — деді Кремлёв.
2025 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат турнирлердің біріне айналады.
Жүлде тек спортшыларға емес, олардың жеке бапкерлеріне, сондай-ақ ұлттық федерацияларға тікелей беріледі.
Кремлёв бұл туралы:
«Боксшы өмірінің 20 жылын осы спортқа арнайды. Біз спортшыларға да, жаттықтырушыларға да лайықты сыйақы беруіміз керек. Жүлделер жыл сайын артуы тиіс — сонда боксқа қызығушылық та өседі», — деді.
Ол мысал ретінде әлем чемпионы атанған үнді боксшы қыздың жүлдемен анасына үй алып бергенін атап өтті.
Кремлёвтің айтуынша, чемпионның гонорарының 25%-ын жаттықтырушы алуы — IBA-ның негізгі қағидаларының бірі.
«Спортшы мен бапкер арасында дау тумауы үшін жүлде бөлісі алдын ала анықталған. Өкінішке қарай, мұндай келіспеушіліктер кездеседі. Біз басынан бастап тәртіпті дұрыс қойдық», — деп түйіндеді ол.