Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Орта салмақ королі: Әлімханұлы титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында дивизиондағы өзінің үстемдігін еске салды.

Орта салмақ королі: Әлімханұлы титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images

6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласында Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді.

«Орта салмақтың патшасы кім екенін бәрі біледі. 6 желтоқсанда кездескенше», — деп жазды «Қазақ стилі» X-тегі парақшасында. 

Бұған дейін Premier Boxing Champions әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба мен бейнежазба жариялап, қазақ боксшының қаншалықты қауіпті екенін жазған еді. 

Жалпы, 6 желтоқсанда өтетін кездесу Сан-Антонио (Техас, АҚШ) қаласында ұйымдастырылады. Жәнібек Әлімханұлы рингке WBO және IBF титулдарының иесі ретінде шығып, Лараның WBA белбеуін де өз коллекциясына қосуға ұмтылады.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы өзінің алдыңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, франциялық үміткер Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір