Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Балауса Мұздыманның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ боксының жаңа жұлдызы саналатын Балауса Мұздыман желтоқсан айында өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді.

Балауса Мұздыманның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды
BAQ.KZ

Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, жеңіліссіз чемпион Балауса Мұздыман (9-0, 7 КО) рингке қайта оралады. Оның келесі жекпе-жегі 27 желтоқсанда Алматыда өтетіні ресми түрде жарияланды.

Бұл ақпаратты боксшының промоутерлік компаниясы — Али Ахмедовтың промоушені Instagram парақшасында растады.

«Балауса — UBO нұсқасы бойынша чемпион атағының иегері, және бұл белдікке лайық екенін дәлелдеуге дайын. Күні, уақыты және орны қазірдің өзінде белгілі. Енді ең бастысы — рингке қарсы шығатын боксшының атын білу ғана қалды», — делінген хабарламада.

Қарсыласының есімі әзірге жарияланбағанымен, жекпе-жекке қызығушылық қазірдің өзінде жоғары.

Соңғы жекпе-жектегі сенімді жеңіс

Балауса Мұздыман соңғы рет рингке қыркүйек айында шыққан болатын. Алматыда өткен сол кеште ол үндістандық Мамта Сингхті (8-3-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жек Балаусаның тоғызыншы жеңісі және жетінші нокауттық жеңісі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір