Эр-Риядта Исламиаданың джииу-джитсу бойынша шешуші белдесулер жалғасуда. Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде тағы бір алтын медаль еншіледі.
2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алдияр Серік Эр-Риядтағы Исламиадада аса маңызды финалдық жекпе-жекке шықты. 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз шешуші белдесуде Сауд Арабия спортшысы Мохаммед Хораймиден басым түсті.
Бұл жеңіс Серік үшін ғана емес, жалпы ұлттық команда үшін де тарихи сәт болды.
Алдияр Серіктің жеңісі джииу-джитсу бойынша Қазақстанның Исламиада ойындарындағы екінші алтын медалі болып тіркелді. Бұған дейін де ұлттық құрама татамиде жоғары нәтижеге жетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.