ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

«Бұл бокс емес, кәдімгі шоу»: Жәнібек Әлімханұлы ерекше жекпе-жек туралы

Орта салмақта WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы күндері әлемде қызу талқыланып жатқан блогер-боксшы Джейк Пол мен суперауыр салмақтың экс-чемпионы Энтони Джошуа арасындағы кездесу туралы ойын ашық айтты.

«Бұл бокс емес, кәдімгі шоу»: Жәнібек Әлімханұлы ерекше жекпе-жек туралы
sportarena.kz

19 желтоқсандағы кездесу туралы

Пол мен Джошуа Майамиде 19 желтоқсанда ресми түрде рингке шығады. Бұл жекпе-жек қос спортшының да кәсіби айқастар тізіміне енгізілмек. Алайда Жәнібек бұл дуэльге тым үлкен мән берудің қажеті жоқ екенін жеткізді.

– Джейк Пол мен Энтони Джошуа 19 желтоқсанда Майамиде жұдырықтасады...
– Бұл бокс емес, шоу ғана, – деді «Қазақ стилі» ESNEWS-ке берген сұхбатында.

Жәнібектің алдағы айқасы

Айта кетейік, Әлімханұлының өзі келесі жекпе-жегін 6 желтоқсанда өткізеді. Оның қарсыласы — WBA белбеуінің иегері, тәжірибелі кубалық боксшы Эрисланди Лара.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.