Қазақстан әлем кубогында Өзбекстанды жеңіп, алтын медаль иеленді
Сұлтанбек Айбарұлы Нью-Делиде (Үндістан) өткен World Boxing ұйымының бокстан әлем кубогының соңғы кезеңінде финалдық жекпе-жекке шығып, ел намысын абыроймен қорғады.
Көршілер дербиі
85 келіге дейінгі салмақта өткен «көрші елдер дербиі» өте тартысты өтті. Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен үш раунд бойы жұдырықтасып, айқын мінез көрсетті.
Төрешілер жекпе-жекті бөлек шешіммен Айбарұлының пайдасына берді.
Қазақстан құрамасының көрсеткіші
Айта кетейік, әлем кубогына Қазақстан атынан барлығы 13 боксшы қатысқан:
- 8 — ерлер құрамасы,
- 5 — әйелдер құрамасы.
Олардың ішінен жалғыз «алтынды» дәл осы Сұлтанбек Айбарұлы алды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.