Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үш чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте жарқын нокаут тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

ANB Arena (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы) алаңындағы бокс кешінде екінші жеңіл салмақтағы (52,2 кг дейін) үздіктердің унификация жекпе-жегі өтті. WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері үшін айқасқа АҚШ өкілі Джесси Родригес (23-0, 16 KO) пен аргентиналық Фернандо Мартинес (18-1, 9 KO) шықты.

Үш чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте жарқын нокаут тіркелді
msn.com

Екі жақ та канвас көрді

Фаворит саналатын солақай Родригес рингте мінсіз футворк көрсетіп, шабуыл бұрыштарын шебер құрып отырды. Мартинес тым ашық бокстасып, қарсыласының тактикалық басымдығына төтеп бере алмады. Бірінші раундта қосы боксшы да канвасқа құлағанымен нокдаун тіркелген жоқ.

Родригестің басымдығы: дәлдік, жылдамдық және ауыр соққылар

Мартинес қысымды арттыруға тырысқанымен әрекеті нәтижесіз болды. Әр шабуылында босқа алға ұмтылып, Родригестің қақпанына түсіп жатты.

Америкалық боксшы қарсыласының мұрнын сындырып, джебтерімен және корпусқа бағытталған ауыр контрсоққыларымен айқастың толық бақылауын өз қолына алды.

Аргентиналық жиі клинчке жүгініп, сенімсіз көрінді. Мұрнының жарақаты да оның жағдайын одан әрі қиылтты. Родригес болса, асықпай жоспарлы түрде Мартинесті жазаға тартып жатқандай бокстасты. Бұл оның қарсыласының жекпе-жек алдындағы трэштокына жауап секілді болды.

Финал: керемет нокаут

Оныншы раундта Родригес қарсыласына бірінші нөмірмен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, дәл сәтін күтті. Мартинес шабуылға шыққан сәтте америкалық сол қолымен жойқын кросс жасады.

Фернандо Мартинес ауыр соққыдан кейін құлап түсті және орнынан тұруға әрекеттенбеді. Джесси Родригес — нокаут, 10-раунд. Унификацияланған үш белбеудің иегері мәртебесін сақтап қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір