Илия Топурия бауырының Бекзат Алмаханға қарсы жеңісін бағалады

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, Бекзат Алмахан Илия Топурияның ағасымен октагонда кездескен болатын.

Илия Топурия бауырының Бекзат Алмаханға қарсы жеңісін бағалады
Фото: UFC

Орта салмақтағы UFC чемпионы (70 кг дейін) Илия Топурия Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 264 турнирінде қазақстандық Бекзат Алмаханмен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен туған бауыры Александр Топурияның нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

«Құдайға шүкір, тағы бір жеңіске жеттік. Сенімен мақтанамын, бауырым. Барлық еңбегіңнің ақталғанына қуаныштымын», — деп жазды Топурия әлеуметтік желілерде.

Бекзат Алмахан мен Александр Топурия арасындағы жекпе-жек үш раундқа созылып, грузин спортшысы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті.

Александр Топурия 29 жаста. Грузиялық файтер 2015 жылы кәсіби деңгейде дебют жасаған, ал 2025 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Әлемдегі ең беделді ұйымдағы оның еншісінде екі жеңіс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір