Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ташкенттегі жабық спаррингтер: Қайрат Сәтжановтың шәкірттері әлемдік додаға қалай дайындалып жатыр?

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкенттегі халықаралық оқу-жаттығу жиынын екі апта бойы жалғастырады. 

Ташкенттегі жабық спаррингтер: Қайрат Сәтжановтың шәкірттері әлемдік додаға қалай дайындалып жатыр?
Instagram/@boxingkazakhstan

Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны

ҚБФ Instagram-парақшасында Ташкенттегі Олимпиадалық даярлық орталығында түсірілген жаттығу сәттерінен бейнежазба жарияланды. Кадрларда Қазақстан боксшыларының жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатқаны, залдағы құрал-жабдықтар мен спарринг үдерісі көрініс тапқан.

Федерация мәліметінше, ерлер құрамасы Өзбекстан астанасында бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл жиын алдағы ірі турнирлерге дайындықтың маңызды бөлігі саналады.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге елдер тәжірибе алмасуда

Ұйым тарапынан таратқан ақпаратта бірлескен жиынға бірнеше елдің командалары қатысып жатқаны айтылды:

«Халықаралық дайындық кезеңі аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тунис және басқа да мемлекеттердің боксшылары өзара тәжірибе алмасып, спаррингтер өткізіп жатыр», – делінген федерацияның әлеуметтік желідегі жазбасында.

Осылайша Орталық Азия мен Африка елдері өкілдері бір рингте дайындық өткізіп, тактикалық және техникалық тұрғыда бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алып отыр.

Қазақстан бокс федерациясы Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны 19 қарашада басталғанын хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір