Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лараны нокаутқа түсіруге уәде берді

Сарапшы, спорт журналисі

Айта кетейік, айқас желтоқсан айының басында өтеді. 

Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лараны нокаутқа түсіруге уәде берді
mma.metaratings.ru

Алдағы демалыс күндері Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы ең ауқымды жекпе-жекке шығады. Ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесіп, өзінің WBO және IBF белдіктеріне үшінші титулды қосып алуға талпынады.

Бұл айқас бокс жанкүйерлері арасында Головкин – Альварес дәуірінен бергі ең маңызды орта салмақ жекпе-жегі деп аталып жатыр.

42 жастағы кубалық Лара – рингтегі тәжірибесі мол, ыңғайсыз және техникалық боксер. Көпшілік оны Жәнібектің мансабындағы ең қиын қарсылас деп санайды. Мұны Лараның өзі де атап өтті. Осы ретте қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы Сан-Антониода өтетін тарихи бокс кешінде Эрисланди Лараны нокаутқа түсіруге уәде берді. 

Лара «Жәнібек менің деңгейімдегі ешкіммен жұдырықтасқан жоқ» деп айтқан болатын. Алайда қазақстандық боксшы бұл пікірге өз стиліне тән жауап қайтарды:

«Лара мен оның деңгейінде боксшылармен жұдырықтаспадым деп айттым. Жарайды, мен де айтайын: ол да менің деңгейімдегі қарсыласпен рингке шыққан жоқ. Мен жыл нокаутын жасаймын!», — деді Жәнібек Әлімханұлы. 

Осылайша, қазақстандық чемпион жанкүйерлерге жарқын және агрессивті айқас уәде етті.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі

Сан-Антониодағы кештің бас жекпе-жегінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Круз шаршы алаңға шығады. Ал Жәнібек – Лара айқасы сол кештің ең күтілетін оқиғасы болып тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір