Ол жазда ғана UFC турнирінің бұрынғы чемпионы Камару Усманнан жеңілген болатын.
UFC жартылай орта салмағындағы рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы ретінде америкалық Хоакин Бакли (10-орын) аталды. Бұл туралы BJPenn.com басылымы хабарлады.
Жақында екі спортшы әлеуметтік желіде бір-біріне қатысты өткір мәлімдемелер жасап, жанкүйерлер назарын аударған болатын. Бакли Рахмоновты «Өзбекстанда жасырынып жүр» деп айыптаса, қазақстандық файтер қарсыласын жеңуге уәде берді.
Аталған басылым Рахмонов пен Бакли арасындағы айқастың спорттық тұрғыда қисынды екенін атап өтті.
«Хоакин Бакли жазда Атлантада өткен UFC турнирінде жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Камару Усманнан жеңілді. Усман 2026 жылы осы дивизиондағы қазіргі чемпион Ислам Махачевтің келесі қарсыласы болуы мүмкін. Бұл жағдайда Рахмонов пен басқа да үміткерлер титулдық жекпе-жектен тыс қалуы ықтимал. Сондықтан Рахмонов пен Бакли арасындағы кездесу жаңа маусымда өте орынды шешім болар еді», — деп жазады BJPenn.com.