Дональд Трамп келер жылы Ақ үй аумағында жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастаған еді.
UFC-дің танымал комментаторы Джо Роган АҚШ президенті АДональд Трамптың 2026 жылғы 14 маусымда Ақ үй аумағында UFC турнирін өткізу жоспарына қатысты пікір білдірді.
Роган Трамптың ұсынысын аса қатты күмәнмен қабылдап, UFC-дің қазіргі құрылымына сәйкес келмейтінін атап өтті.
«Алдымен бір нәрсені түсіну керек: UFC-де сегіз салмақ дәрежесі бар. Онда бір кеште тоғыз титулдық жекпе-жекті қалай өткізбекшісіздер? Бұл — ақылға қонбайды», — деді Роган.
Роганның бұл сөзі оның тақырыпқа терең бойлай алатын тәжірибесіне байланысты үлкен резонанс тудырды. Ол UFC ұйымымен 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді және журналистен бастап, аралас жекпе-жектегі ең танымал дауыстардың біріне дейінгі жолдан өткен.
Джо Роган UFC-дегі мансабын UFC 12: Judgement Day турнирінде (Алабама штаты, Дотан қаласы) сұхбат алушы ретінде бастаған. Кейін ол ұйымның тұрақты комментаторына айналды.