Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шымкент құрамасы ҚБФ кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы мәреге жетті. 

Шымкент құрамасы ҚБФ кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Шымкент боксшылары Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) кубогында топ жарып, турнирдің басты жүлдесін иеленді. Финалда шымкенттік команда Астана құрамасымен кездесіп, 9:6 жалпы есеппен басым түсті.

Ақтық бәсекеде екі команда да жоғары қарқынмен жұдырықтасып, әр ұпай үшін барын салды. Дегенмен шешуші сәттерде Шымкент боксшыларының тұрақтылығы мен тактикалық ұтқырлығы нәтиже беріп, командалық есепте алға шықты.

Бұл жеңіс Шымкент боксының деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Құраманың ҚБФ кубогын иеленуі:

  • командалық жүйенің дұрыс құрылғанын,
  • ішкі бәсекенің жоғары екенін,
  • өңірлік мектептің тұрақты түрде нәтиже беріп келе жатқанын көрсетеді.

Еске салайық, үшінші орынды Қарағанды жеңіп алды. Олар Маңғыстау облысы құрамасынан 8:7 есебімен басым түсті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір