Ресейдегі «неКАРАтэ» атты YouTube-арна Дубайдағы (БАӘ) IBA 2025 жылғы әлем чемпионатын экономикалық қырынан талдап, өткір пікір білдірді.
Арна авторы Ресейдегі экономикалық ахуалды алға тартып, Дубайдағы турнирдің 8,3 млн еуро жүлде қорын орынсыз шығын ретінде бағалаған. Сондай-ақ чемпионат аясында кәсіби бокс кешінің ұйымдастырылуына да күмәнді көзқарас танытқан.
Автордың пікірінше, мұндай көлемдегі сыйақы «дағдарыс кезінде сән-салтанат құру» секілді көрінеді және бұл қарапайым халыққа деген құрметсіздік әсерін қалдырады. Бұдан бөлек, арнада қаржының «жуылуы мүмкін» деген сарындағы айыптаулар да айтылды (бұл — арна авторының жеке көзқарасы ретінде келтіріліп отыр).
Еске салайық, бокстан ӘЧ-2025 нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үздіктер үштігі төмендегідей болды:
Қазақстан құрамасы турнирді 3 алтынмен аяқтап, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың әлемдік аренадағы бәсекеге қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.