Бір ұпай «қоланың» тағдырын шешті: Қарағанды ҚБФ кубогында үздік үштікке кірді
Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) кубогында қола жүлденің иесін небәрі бір ұпай анықтады. Қарағанды облысының құрамасы 20 мың доллар сыйақы алады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Қарағанды – үшінші, Маңғыстау – төртінші
Қарағанды облысы үшінші орын үшін өткен кездесуде Маңғыстау облысын ұтып, кубоктың қола жүлдесін иемденді.
Матчтың жалпы есебі: 8:7 — Қарағанды облысының пайдасына.
Шешуші жекпе-жек: +90 кг салмақта бәрі анықталды
Тартыстың тағдырын 90 келіден жоғары салмақтағы соңғы айқас шешті. Бұл салмақта Маңғыстау өкілі Иманғали Нұрпейіс Салауат Тілекбайға 2:3 есебімен жол берді.
Осы нәтиже командалық кездесудің де түйінін шешіп, Қарағандыға қола жүлдені алып берді.
ҚБФ хабарламасына сәйкес:
- Қарағанды облысы (3-орын) — 20 00 долларға
- Маңғыстау облысы (топтан шығып, жартылай финалға дейін жеткені үшін) — 10 000 долларға иелік етті.
Бүгін турнирдің финалында, яғни «алтын» медаль үшін Астана құрамасы Шымкентпен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet