Нұрбек Оралбай спаррингте Еркебұлан Тоқтарды "өшіріп" тастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтар ұлттық құрама боксшыларымен жаттығып жүр. Ол Instagram-ға Нұрбек Оралбайға қарсы спаррингке дейінгі және кейінгі жағдайын көрсететін видеоны жариялаған.

Нұрбек Оралбай спаррингте Еркебұлан Тоқтарды "өшіріп" тастады (ВИДЕО)
instagram/@oralbay_nurbek

Видеода Тоқтар рингке шығар алдында көңілді, жігерлі көрінеді. Бірақ Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған боксшы Нұрбек Оралбаймен спаррингтен кейін файтер әбден қалжырап, көңілі толмаған кейіпте рингтен кетіп қалады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай World Boxing 2025 әлем чемпионатындағы соңғы жекпе-жегінде ширек финалда өзбекстандық Джавохир Умматалиевке төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберіп, жүлдесіз қалған.

Ал Еркебұлан Тоқтар ММА-де соңғы рет 17 тамызда Қонаев қаласында өткен Octagon 77 турнирінің басты айқасында төбелесіп, ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір