Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман Алматыда өтуі тиіс келесі жекпе-жегінің өтпейтінін хабарлады. Боксшының айтуынша, жоспарланған кездесу мойын жарақатына байланысты кейінге шегерілген.
Балауса Instagram парақшасында жанкүйерлеріне үн қатты. Ол дайындықтың жоғары деңгейде болғанын, бірақ денсаулық мәселесі бәрінен маңызды екенін жеткізді.
Оның сөзінше, команда ұзақ уақыт бойы тыңғылықты жұмыс атқарып, жекпе-жекке арнайы бағдарлама әзірлеген. Дегенмен жарақат салдарынан жоспар өзгерген.
Боксшы ең алдымен сауығуға басымдық беретінін айтып, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғыс білдірді. Сонымен қатар Жаңа жылдан кейін жаңа күш-қуатпен, жаңарған мотивациямен оралатынын атап өтті.
Айта кетейік, Балауса Мұздыманның келесі айқасы 27 желтоқсанда Алматыда жоспарланған. Бірақ қарсыласының есімі ресми түрде жарияланбаған.