Қазақстандық боксшыға сұмдық нокаут не бергені белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Еділ Қожамбердиев түркиялық ауыр салмақтағы боксшы Фатих Келешпен жұдырықтасқан болатын. 

Қазақстандық боксшыға сұмдық нокаут не бергені белгілі болды
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (17-2, 17 KO) 20 желтоқсанда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде әсерлі жеңіске жетіп, рейтингі мен титулдық мәртебесін айтарлықтай жақсартты.  Еділ Қожамбердиев BoxRec сайтының рейтингінде 53-орыннан 29-орынға көтерілді.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы WBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Қожамбердиев түркиялық ауыр салмақтағы боксшы Фатих Келешті (17-4-1, 10 KO) төртінші раундта ауыр нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Еділ Қожамбердиевтің кәсіби мансабындағы барлық жеңісі нокаутпен аяқталған.

Ол соңғы рет 2017 жылы жеңіліс тапқан. Сол уақыттан бері қазақстандық боксшы қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір