Мәлімдемеде Иэн Шавкат Рахмоновқа чемпиондық жарыста жол беруді ұсынды.
Ирландиялық UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Иэн Гэрри дивизиондағы чемпиондық жарысқа қатысты өз ұстанымын білдіріп, 2024 жылдың желтоқсанында Шавкат Рахмоновқа қарсы өткізген жекпе-жегіне де жеке тоқталды.
Гэрри ресми түрде Шавкатқа жол бергенін еске салды, алайда сол жекпе-жекте бұған дейін жартылай орта салмақта «қорқынышты қарсылас» саналып келген «Номадтың» осал тұстарын анықтай алғанын атап өтті. Иэннің пікірінше, дәл өзі, Камару Усман емес, Ислам Махачевтің чемпиондық белбеуі үшін келесі болып айқасуға лайық.
"Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде әңгіме өте қысқа. Немесе Шавкат, немесе Иэн. Шавкат Иэнге қарсы іріктеу жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өз орнын заңды түрде алды. Бірақ одан кейін Шавкат жекпе-жекке шыға алмаған кезде, бұл мүмкіндік қисынды түрде Иэнге өтуі керек еді. Мұнда ешқандай саясат жоқ. Тек логика ғана. Ұзақ үзіліс Шавкаттың қарқынын қатты баяулатты: оның рейтингтегі қарсыластарға қарсы бар болғаны төрт жеңісі бар, ал Иэнде — алты. Бұдан бөлек, Иэн жуырда бұрынғы чемпион Белал Мухаммадты жеңді, ал Шавкат бұл уақытта люкс жол талғамайтын көліктерді жарнамалаумен айналысты".
Мәлімдемеде Шавкатты Иэнге чемпиондық атаққа жол беруін сұрады:
"Шавкатқа титулдық жекпе-жекке құқығын дәлелдеудің қажеті жоқ. Егер ол дана болса, күтіп, Иэнге тізгінді қолға алуға мүмкіндік берер еді. Себебі Шавкат бір нәрсені жақсы біледі: Иэн чемпиондық белбеуді жеңіп алған сәтте, оның алғашқы шақыруы міндетті түрде Шавкат Рахмоновқа бағытталады", — делінген ирландиялық файтердің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрридің жекпе-жегі үміткерлік мәртебеге ие болып, қазақстандық спортшының төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталған. Алайда осы кездесуден кейін Шавкат жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шығып, оңалту кезеңінен өтті. Рахмонов 2025 жыл бойы октагонға шыққан жоқ.