Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы титулына жұдырықтаспақ

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (9 жеңіс, 6 нокаут) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы титулына жұдырықтаспақ
Виктор Темиров. Фото: ашық дереккөзден

BoxRec.com деректеріне сүйенсек, Темиров 7 ақпан күні Германияның Бад-Херсфельд қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Оның қарсыласы — жеңіліссіз өнер көрсетіп жүрген жергілікті боксшы Доменик Арнольд (5 жеңіс, 2 нокаут). Бұл кездесуде орта салмақта WBF (Дүниежүзілік бокс федерациясы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, яғни жекпе-жектің маңызы өте жоғары.

Виктор Темиров соңғы рет 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Алматы қаласында жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Үндістан өкілі Сантош Баралиді (3 жеңіс, 2 нокаут) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, өз мансабындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Айта кету керек, Темиров рингте «Мясник» («Қасапшы») деген лақап атпен танымал. Германиялық бокс жанкүйерлері мен сарапшылар оны жас кезіндегі Геннадий Головкинмен жиі салыстырады. Айта кетейік, қазақстандық атақты боксшы да өзінің халықаралық мансабын дәл осы Германияда бастаған еді. Бұл жекпе-жек Виктор Темиров үшін карьерасындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір