UFC файтері Асу Алмабаев әлеуметтік желіде жұрт назарын аудартқан жазба жариялады.
UFC-дің ең жеңіл салмағында өнер көрсететін Алмабаев жаттығу залынан Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін салды. Фото Қазақстан туының фонында түсірілген.
Жазба астына Асу қысқа ғана, бірақ астары бар пікір қалдырды:
«Бос сөз көп».
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де соңғы жекпе-жегін бір жылдан астам уақыт бұрын өткізген. 2024 жылдың 8 желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.
Осы аралықта дивизионда чемпион ауысқаны және салмақтағы бірқатар файтер Рахмоновтың титулдық жекпе-жекке қатысты мәлімдемелерін сынаған.
Асу Алмабаевтың өзі октагонға соңғы рет 2025 жылғы 22 қарашада шыққан. Ол UFC Fight Night 265 турнирі аясында америкалық Алекс Пересті үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, айқын нәтиже көрсетті.