Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ақ үйде айқасатын файтерлердің есімі аталды

Сарапшы, спорт журналисі

Сонымен қатар, UFC кешінде бірнеше титулдық жекпе-жек өтуі мүмкін. 

Ақ үйде айқасатын файтерлердің есімі аталды
sovsport.ru

UFC комментаторы Джон Аник АҚШ президентінің резиденциясы — Ақ үйде өтетін алғашқы UFC турниріне қатысатын файтерлер туралы пікір білдірді. 

Турнир қашан өтеді?

Ақ үй аумағында ұйымдастырылатын жекпе-жек кеші 14 маусымда өтеді. Аталған турнир АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына орай ұйымдастырылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп турнирде 8–9 чемпиондық айқас өтетінін мәлімдеген болатын. Алайда Джон Аник бұл санға сәл күмәнмен қарайтынын жеткізді.

— Сегіз титулдық жекпе-жек — тым идеалистік әрі аса амбициялы жоспар. Бірақ мен Ақ үйдің көгалында 6–7 титулдық айқас өтетініне шынымен сенемін, — деді Аник JAXXON Podcast эфирінде.

Джон Аниктің айтуынша, Ақ үйде өтетін турнирде келесі жекпе-жектерді көруіміз мүмкін:

  • Том Аспиналл — Сирил Ган
  • Джошуа Ван — Тацуро Тайра
  • Хамзат Чимаев (қарсыласы кейін анықталады)
  • Алекс Перейра (қарсыласы кейін белгілі болады)
  • Петр Ян — Мераб Двалишвили

Айта кетейік, мұндай турнир UFC тарихында бұрын-соңды болмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір