Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Басымды иемін". Америкалық чемпион Геннадий Головкин жайлы ағынан жарылды

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық боксшы Давид Бенавидес жуырда GGG-дің өз мансабындағы рөлі туралы ашық пікір білдірді. 

"Басымды иемін". Америкалық чемпион Геннадий Головкин жайлы ағынан жарылды
Inbusiness.kz

WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Давид Бенавидес (31-0, 25 KO) қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KO) өз мансабындағы рөлі туралы пікір білдірді. 

Бенавидестің айтуынша, ол бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы әрі жақында Бокс даңқ залына енген Геннадий Головкинге өмір бойы қарыздар. Давид Бенавидес 15 пен 19 жас аралығында Головкиннің негізгі спарринг-серіктестерінің бірі болған. Ол GGG-мен 2017 жылы Дэниэл Джейкобспен өткен жекпе-жекке дейін бірге дайындалған.

Бенавидестің мойындауы

Америкалық боксшының сөзінше, оның дамуына дәл осы спаррингтер шешуші әсер еткен:

«Менің бар болғаны 15 әуесқой жекпе-жегім ғана болды. Менің бүкіл әуесқой мансабым әлем чемпиондарымен спаррингтерге негізделді. Геннадий Головкинге алғысым шексіз, себебі бүгінгі Давид Бенавидес дәл соның арқасында қалыптасты. Біз жасаған спаррингтер нағыз жекпе-жек сияқты өтетін. Ол мені үнемі жаңа деңгейге итермелейтін. Ол бар күшін салып соққандықтан, мен оның соққыларынан жалтарудың түрлі жолдарын іздеуге мәжбүр болдым. 

Головкинмен бір рингте болудың өзі менің бокс IQ-ымды көтерді. Оның алдында басымды иемін. Ол — рингте де, рингтен тыс та ұлы чемпион әрі керемет адам. Мен оған өте көп нәрсе үшін қарыздармын», — деді Бенавидес The Ring басылымына берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір