Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, елдегі ең атақты былғары қолғап шеберлерінің бірі Назым Қызайбай бокстағы мансабы қалай басталғанын айтып берді.
Назымның айтуынша, ол бала күнінен белсенді болған. Мектепте қандай жарыс өтсе де, шет қалмайтын.
«Боксқа кездейсоқ келдім деуге болады. Үнемі үстел теннисінен, сыныптар немесе мектеп арасындағы футболдан өтетін жарыстарға қатысатынмын. Жүгіру болса – жүгіруге де шығатынмын», – дейді ол.
Кейін ауылда кикбоксинг пен бокс үйірмелері ашылып, бірнеше сыныптасы сол жаққа бара бастаған. Сол кезде Назым «бокста Болат деген бапкер бар екен» дегенді естиді. Бірақ үйірме ақысы оның отбасына ауырлау болған.
«Ол кезде айына 1000–1500 теңге төлеу керек еді. Бұл біз үшін қомақты ақша болатын. Сондықтан анамнан сұрамадым, бәрібір рұқсат бермес еді», – деп еске алады спортшы.
Назымның боксқа келуіне себеп болған ерекше оқиға да осы тұста орын алады. Базардан қайтып келе жатқанда, мектеп стадионында балалардың жаттығуын көріп қалады.
«Болат ағай мені көріп: “Мұнда кел. Жүрісің боксшыға ұқсайды. Боксқа кел” деді. Мен “ақшам жоқ” дедім. Ол: “Тегін кел” деді. Мен бірден: “Қазір келсем бола ма?” деп сұрадым», – дейді Қызайбай.
Осылайша Назым сол күні-ақ үйіне барып, жаттығуға баратынын айтып, алғашқы қадамын жасаған.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстандағы ең көп жүлде алған боксшы қыз. Оның еншісінде: