Танымал ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік UFC жауынгері Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедовты жауынгерлік джиу-джитсу ережелері бойынша жекпе-жекке шақырды.
Қуат дағыстандық спортшыдан Арменияда өткен турнир кезінде Шара мен оның командасы Хамитовты тұншықтыру тәсілімен әзіл ретінде «шабуылдағаны» үшін кек алғысы келетінін айтты.
"Қазір мен Шара Буллетке үндеу жасағым келеді. Біз Арменияда болған кезде сен және сенің командаң дұрыс емес әрекет жасадыңдар — бір адамға топ болып тап бердіңдер. Сол үшін мен кек алғым келеді. ACB JJ, сендерде Алматыда турнир жоспарланып жатқанын естідім. Ендеше, Шара Буллет, Арман мамыр айында менімен белдесуге дайындалып жатқанда — ол маған өзінің Шара Буллет емес екенін, әрі дайындыққа көбірек уақыт керек екенін айтты. Мен оны түсінемін, ол — әлемнің бірінші нөмірі, жоғалтатын дүниесі бар. Сондықтан, Шара Буллет, мен сені Алматыда күтемін. Бұл — ресми түрде жекпе-жеке шақыру. Кел, шығайық. Тек артқа шегінбе", — деді «Найман» өз видеоүндеуінде.
Еске сала кетейік, Шарабутдин Магомедов пен Арман Царукян Ереванда (Армения) грэпплинг ережесі бойынша белдесіп, кездесу тең нәтижемен аяқталған. Осыдан кейін Хамитов Царукянмен көз арбасуға шыққан болатын.